2025 жылдың 31 наурыз – 4 сәуір аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Батыс Қазақстан облысында дін істері басқармасының қолдауымен бекітілген жоспар бойынша, дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Іс-шараларға РАТТ мүшелері, Орал қаласы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, исламтанушы - Бабаханов Абдувахид Абытханұлы, сарапшы-психолог - Шакимова Лола Сергеевна, Астана қаласы, Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы - Арман Нұрахметұлы, Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, дінтанушы - Абзал Ернар Абзалұлы қатысты.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Орал қаласы, Жаңақала, Бөрлі, Қаратөбе, Тасқала аудандарының тұрғындарымен, соның ішінде жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерімен, ұстаздармен, жұмыссыздармен, вахта әдісімен жұмыс істейтіндер, әлеуметтік осал топтарға «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістері» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.