Этномәдени бірлестіктерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Этномәдени бірлестіктерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2025 жылдың 27 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен кездесу өтті. Бұл кездесуге Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары Д. Абдувалинов пен Т. Муратов қатысты.
Отырыс барысында жастар арасында таралып жатқан теріс діни ағымдар және олардың қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды. Мамандар теріс діни ағымдардың белгілері, олардың таралу әдістері және жастарды өз қатарына тарту жолдары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, олардың алдын алу шаралары, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, дәстүрлі рухани құндылықтарды, соның ішінде адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау мәселелері көтерілді.
Қатысушылар жастар арасында радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары, отбасылық тәрбие, парасаттылық пен білім беру мекемелеріндегі діни сауаттылықтың рөлі туралы пікір алмасты. Этномәдени бірлестіктер өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсыныстарын айтты.
Отырыс соңында мамандар бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастармен жүйелі кездесулер өткізу және әлеуметтік желілерде сапалы ақпараттық контентті көбейту қажеттігін атап өтті.