Халықаралық террористік топтың идеологиясына уланған содыр биыл көктемде Түркістанда жарылыс жасамақ болған. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп, зиярат еткен қауымның әрекетін, «ширк» деп түсінген.
Тура жолдан адасқан қылмыскерді арнайы жасақ дер кезінде қолға түсірді. Бұл операция қалай жүргізілді? Анық-қанығы «Жетекке ерген жендет» деректі фильмінде көрсетілген.