2023 жылдың 11 қазан күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қазақстан адам ресурстары» жеке мекемесінің ұйымдастырумен «Оян, қазақ!» фильмі көрсетілді.
Шараның мақсаты - алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының шығармашылық жолындағы қиын тағдыры баяндалатын көркем фильм арқылы ұрпақтың патриоттық рухын көтеру.
Кино көрсетілімге жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және облыстың бас имамы қатысты.