«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға  жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215Б, кабинет 309. Анықтама үшін телефон: 8 (7112) 243235, e-mail: dinzko@mail.ru, web-сайт: www.din-zko.gov.kz

 

Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы, 1 бірлік (санаты D-О-4, лауазымның индексі № 03-2). Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 263131 (min) теңгеден 302255 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Ислам бағытындағы діни бірлестіктердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне мониторинг жүргізеді, деректер базасына ақпарат береді;

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді; Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың техникалық ерекшеліктерін жасақтайды, орындалуын қадағалайды; Өңір бойынша деструктивті діни ағым ұстанушыларымен жүргізілетін оңалту жұмыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; Деструктивті және радикалды идеологияның жақтастарын оңалту фактілеріне бағалау жүргізу комиссиясы жұмысының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде отырған сотталған азаматтар арасында алдын алу және оңалту жұмыстарын жүргізуді, кітапхана қорларына тексеруді ұйымдастырады; Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни бірлестік өкілдері арасында және білім ордаларында, ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық диалогты нығайтуға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларға  жергілікті ислам бағытындағы діни бірлестік өкілдерін тартуды ұйымдастырады; Дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын бұзуға қатысты өтініштерін қарайды; Басқарма басшысының бұйрығымен бекітілген қызметтік нұсқаулықпен айқындалған басқа да міндеттер мен өкілеттіктерінің орындалуын жүзеге асырады және құқықтарын пайдаланады; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу; Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар, құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамалық, жауапкершілік, коммуникабельдік, ұйымшылдық, әдептілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 7 жұмыс күні мерзімінде ұсынылуы тиіс, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
          1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

              Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы орналасқан жері бойынша өтеді.

           Қосымша талаптар:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

         Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек  кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметі шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс күні ішінде және  әңгімелесуді өткізуге  дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

        Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

      Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары» негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"____"_______________ 20__ ж.

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 __________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК

 ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

 

 

 

_______________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

         

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады