Басқарма басшысы Қазақстанның Евангелиялық христиандар одағының өкілдерін қабылдады

Басқарма басшысы Қазақстанның Евангелиялық христиандар одағының өкілдерін қабылдады

2022 жылғы 18 тамызда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы басшысы М.Раманкулов Қазақстанның Евангелиялық христиандар одағының өкілдерімен кездесті. Кездесуге Алматы қаласы шіркеуінің аға пасторы В.М.Пак, Одақтың батыс өңірі бойынша өңірлік өкілі А.А.Еспаев, Ақтау, Атырау және Орал қалаларының пасторлары және басқарма қызметкерлері қатысты.

Сұхбат барысында өңірлердегі діни ахуалдың қазіргі жағдайы, дінаралық диалог мәселелері, діни бірлестіктердің қайырымдылық қызметінің заңға сәйкес іске асыру маңыздылығы талқыланды.