Террористік қақтығыс аймақтарынан қайтарылған балаларға арналған лагерь

Террористік қақтығыс аймақтарынан қайтарылған  балаларға арналған лагерь

Ағымдағы жылдың 25-29 шілде күндері Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен және білім басқармасының қолдауымен «Самал» туристік лагері базасында «Жусан» операциясы аясында қайтарылған балаларға арналған «Бақытты бала»  жазғы лагері ұйымдастырылды.

Басты мақсаты – өскелең ұрпақты өз халқының тарихы мен шежіресін, салт-дәстүрін, дінін, мәдени қасиеттері мен ұлттық құндылықтарын түсіне алатын ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу.

Лагерьде қазақ халқының ұлттық спорт және ойын түрлерінен жарыстар, қазақ хандығы, ұлт зиялылары туралы және діни-ағартушылық бағытында тарихи кино-фильмдер көрсетілімі, жергілікті өлкетану мұражайына экскурсия мен басқа шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, балаларға арнайы шақырылған практик-психолог, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, педагогика және психология ғылымдары магистрі Л.Шакимова мен практик-психолог, педагогика және психология ғылымдары магистрі, Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, құқық қорғау органдарының аға оқытушысы А.Абдукеевамен психологиялық тренингтер өткізілді.