Қақтығыс аймағынан оралған балалармен және отбасылармен жұмыс нәтижелерін талқылау үшін кезекті отырыс өткізілді

Қақтығыс аймағынан оралған балалармен және отбасылармен жұмыс нәтижелерін талқылау үшін кезекті отырыс өткізілді

2022 жылғы 9 маусымында Орал қаласында Еуропалық Одақтың, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), «БҰҰ-әйелдер» құрылымының, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері бірлескен бағдарламаның нәтижелерін талқылау үшін кезекті отырысын өткізді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы Ж.Қ.Газизулина, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Г.Ганиева, ЮНИСЕФ балалар қорының өкілі А.Жаманчинов, ЮНИСЕФ бағдарламасының басшысы Т.Адерихина, ЮНИСЕФ білім беру жөніндегі маманы З.Диханбаева қатысты.

Отырыс барысында қақтығыс аймағынан оралған балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің құқықтық мәселелері мен этикалық қағидаттары, қайта бейімдеу, оңалту мәселелері талқыланды.

Шара діни негізде кемсітушіліктің кез келген көріністерінің профилактикасына және жолын кесуге бағытталған.