Мемлекеттік қызмет ардагерімен кездесу

Мемлекеттік қызмет ардагерімен кездесу

2022 жылдың 8 маусым күні «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасының ұжымы мемлекеттік қызмет ардагері Есберген Әжібайұлы Әжібаевпен жоспарланған кездесуге қатысты.

Ардагер Есберген Әжібайұлы өзінің қызмет барысында жиналған көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз сөзінде ардагер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл-әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, парасаттылыққа, әділдікке және заңдылықты сақтауға шақырды.