4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұжымы еліміздің әнұранын шырқады.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Олар кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

 

#Мемлекеттік_рәміздер_күні

#Әнұран

#Мемлекеттік_қызмет_БҚО