Олжас Сүлеймен Орал жастарымен кездесті

Олжас Сүлеймен Орал жастарымен кездесті

 

2022 жылдың 19 мамыр күні Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында кәсіпкер, ҚР Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі Олжас Сүлейменнің қатысуымен «Жаңа Qazaqstan»  тақырыбында жастарға арналған кездесу өткізілді. Олжас Сүлеймен кәсіпкер, «Qazaqstan Team» республикалық ұйымының жетекшісі, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, басқа да ауқымды әлеуметтік жобалардың авторы және жетекшісі.

Шараның мақсаты - жастарды ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.  

Кездесуде спикер рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымды қалыптастыру, отансүйгіштік туралы, ата-ананың разылығын алу туралы айтты.

Аталған басқосуда облыстың жастары білім мен еңбекті ұштастырудың нәтижесінде елеулі жетістіктерге жеткен азаматтың еңбегімен таныса алды.

 

#ЖаңаҚазақстан #Орал #жастар #руханиәңгіме #референдум2022 #aqjaiyqjastary