«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 6 мамыр күні  Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.         

Шығармашылық байқауының ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 18-29 сәуір аралығында өңірдің оқушылар мен студент жастар арасында ұйымдастырылды. Байқауға облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Байқау зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыруға, жастардың патриоттық сезімін дамытуға, ой өрістерін кеңейтуге, толеранттылық сананы қалыптастыруға, адамгершілікке, ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтап тәрбиелеуге бағытталған.

3 мамырда байқауға келіп түскен 137 жұмыс арнайы құрылған конкурстық комиссия мүшелерімен қаралып, нәтижесінде «Үздік сурет», «Үздік бейнеролик» және «Үздік презентация» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Үздік сурет» номинациясы бойынша I орынды Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Қабдол Батырбек, II орынды Бөрлі ауданы, «Бөрлі колледжі» МКҚК  1 курс студентті Пустобаева Виктория, III орынды Орал қаласы, Ж.Молдағалиева атындағы №2 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Ғабдеш Айкөркем иеленді. Сондай-ақ, аталмыш номинация бойынша белсенді қатысқандары үшін Қаратөбе ауданы, «Жамбыл мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Маратқызы Маусымжан,  Ақжайық ауданы, балалар шығармашылық орталығының оқушысы Тенелбаев Шахрух, Орал қаласы, Жоғарғы аграрлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті Дүсенгалиев Ерлан, Теректі ауданы, «Шаған ЖОББМ-нің» 11 сынып оқушысы Айжарықов Бекжан, Орал қаласы, №32 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Самаркина Анастасия, Орал қаласы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Елдос Расул, Орал қаласы, №13 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Басанова Дария арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша І орынды Орал қаласы,облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Муратова Дана, II орынды Орал қаласы, №25 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Рамазанов Думан, III орынды Орал қаласы, №33 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Ербулатұлы Ерасыл иеленді. Сондай-ақ, аталмыш номинация бойынша белсенді қатысқандары үшінОрал қаласы, Серебряково ЖОББМ-нің оқушылары Бахыткерей Айару және Бейсенова Сүлуай, Орал қаласы, М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қубашева Айкөркем арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

«Үздік презентация»номинациясы бойынша І орынды Орал қаласы, №43 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Қуанышқалиев Нұрсұлтан, II орынды  Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Қибатолла Мадина, III орынды Теректі ауданы, «Шаған ЖОББМ-нің» 9-сынып оқушысы Байбулова Алина иеленді. Сондай-ақ, аталмыш номинация бойынша белсенді қатысқандары үшін Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Коломицкая Александра, Орал қаласы, №21 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Каланов Вадим, Орал қаласы, №37 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Избасарова Айдана арнайы алғыс хаттармен марапатталды.