Мектеп оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мектеп оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап дінтанушы және теолог мамандардың қатысуымен мектеп оқушылары арасында тағы да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады.

Кездесудің жалпы мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлылық мәселесін түсіндіру,деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау.

АТТ жұмыстары «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн форматта Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары арасында жүзеге асырылады. АТТ жұмыстары одан әрі жалғасын табуда.