Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері марапатталды

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы 2021 жылдың қорытындысы бойынша  дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрғындардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында белсенді жұмыс атқарған ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін марапаттау рәсімін ұйымдастырды.

Шара барысында басқарма басшысы М.Раманкулов қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың теолог мамандарының еліміздің жарқын болашағы үшін атқарған қызметтерін бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, алғыс хатпен марапаттады.