Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Аталған азаматтардың арасында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабыралиев және Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Салтанатты шарада арнайы марапатты облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов табыстап, марапат иелерін құттықтап, өңірдегі конфессияаралық және этносаралық тұрақтылыққа қосқан елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.