Басқарма басшысы Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископымен кездесті

Басқарма басшысы Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископымен кездесті

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманкулов Орал және Ақтөбе архиепископы Антонийді 81 жасымен құттықтап, облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді.

Биыл архиепископ Антонийдің облыс аймағындағы архиерейлік қызметіне 30 жыл толып отыр. Антонийдің басшылығымен Орал және Ақтөбе Епархиясы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы іс-шараларға белсенді қатысып, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетуде