Орал қаласының №30 орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Орал қаласының №30 орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Хиуаз Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы Н.Сейтакова, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, теологы Б.Адайхан қатысып, оқушы жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Шарада дін саласы бойынша уәкілетті органның қызметі, облыс аумағында қызмет ететін тіркелген діни бірлестіктердің саны, конфессияаралық келісім, деструктивті діни ағымдардың қауіпі, интернет желісін қолдану кезіндегі қауапсіздік шаралары сияқты тақырыптар көтерілді.  БҚО дін істері басқармасының «24-46-46» сенім телефоны, ресми сайты жөнінде ақпарат берілді.