Республикалық ақпаратттық-түсіндіру тобы мүшелері Батыс Қазақстан облысында

Республикалық ақпаратттық-түсіндіру тобы мүшелері Батыс Қазақстан облысында

16-17 тамыз күндері дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Орал қаласындағы дінтану, тарих пәндерінің мұғалімдерімен, спорт жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілерімен, еріктілермен (волонтер), экстремизм және терроризм бабымен сотталған азаматтармен, мешіт жамағатымен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, «Жусан» операциясы аясында өңірге қайтарылған әйелдермен, облыстық прокуратура, әділет департаменті, дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен, Бөрлі ауданында деструктивті діни ағымдар жақтастарымен және Сырым ауданында мешіт жамағатымен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттары мен конфессияаралық келісімді нығайту, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және ілгерілету.

Аталмыш кездесулерге Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының төрағасы А.Тулепов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі К.Тышхан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы, философия ғылымдарының кандидаты Ж.Сандыбаев, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков қатысты.