Кәсіпорындар қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Кәсіпорындар қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2021 жылдың 10-12 тамыз аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Жайықжылуқуат», «Батыс Су Арнасы», «ҚазТрансГаз Аймақ», «Жайық Жарығы», «Орал трансформаторлық зауыты» кәсіпорындарының қызметкерлеріне офлайн және  онлайн форматтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Кәсіпорындар қызметкерлеріне ұлттық құндылықтар, дәстүрлі діннің ерекшелігі, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары жөнінде тақырыптар қозғалды.