«Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен құқықтық жауапкершіліктер» тақырыбында семинар өтті

«Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен құқықтық жауапкершіліктер» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 3 тамызында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын және қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру мақсатында қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен дін саласы бойынша жауапты мамандарына онлайн форматта семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», «Миссионерлік қызметті асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру», «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Дін саласындағы құқықтық жауапкершіліктер» тақырыптары қозғалды.

БҚО дін істері басқармасының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары төңірегінде бірқатар сұрақтарға жауап беріп, діни қызмет саласында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша пікір алмасты.