Имамдар мен теолог мамандарға арналған оқыту семинары

Имамдар мен теолог мамандарға арналған оқыту семинары

2021 жылдың 27-28 шілде күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы негізінде, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Орал медресе колледжінде» БҚО бойынша ҚМДБ өкілдігіне қарасты мешіт имамдары мен дін саласында жұмыстанатын теолог мамандардың кәсіби деңгейлері мен біліктіліктерін арттыруға бағытталған 2 күндік оқыту семинары өтті. Оқыту семинарының ашылу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, БҚО дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов, БҚО бойынша бас имам Б.Сабралиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Біліктілікті арттыру семинарына дәріс жүргізуге исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Р.Илимбаев «Нұр-Мүбарак» университетінің PhD докторы, доцент А.Жамашев, «Нұр-Мүбарак» университетінің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Н.Стамбакиев арнайы шақыртылды. Шара соңында семинарға қатысқан мешіт имамдары мен теолог мамандарға сертификаттар табысталды.