Діни бірлестіктермен байланыстар жөнідегі Кеңес отырысы өтті

Діни бірлестіктермен байланыстар жөнідегі Кеңес отырысы өтті

2021 жылдың 24 маусымында Zoom қосымшасы арқылы облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (әрі қарай - Кеңес) отырысы өтті. Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, яғни мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, жоғары білім беру мекемелерінің, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында БҚО дін істері басқармасының бөлім басшысы, заңгер Айбат Төлегенов «Дін саласындағы заңбұзушылықтың алдын алу жұмыстары», БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудың өзекті мәселелері» және Бөкей ордасы және Сырым, аудандарының әкімдері Нұрлан Рахымжанов, Төлеген Турегалиев дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жағдайы бойынша баяндама жасады.

Өз баяндамасында А.Тулегенов БҚО дін істері басқармасының заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарына тоқталып, ағымдағы жылдың І тоқсанын (5 құқықбұзушылық) 2020 жылдың І тоқсанымен (9 құқықбұзушылық) салыстырғанда діни қарым-қатынастар саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар 55% төмендегенін жеткізді.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда облыс бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік пәнін 351 педагог жүргізеді. Оның 278-і қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткен, сертификатталған мұғалімдер. 2020-2021 оқу жылында біліктілікті арттыру курсымен 15 мұғалім қамтылса, жыл соңына дейін 63 педагогті курстан өткізу жоспарланған.

Бөкей ордасы және Сырым аудандарында діни ахуал тұрақты сақталуда, ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес іске асырылуда. Кеңес төрағасы Б.Нарымбетов мақсатты топтар, соның ішінде жастар арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айта отырып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шара қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.