Сауда орындары мен базарларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сауда орындары мен базарларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2021 жылдың 4-9 маусым аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтар, өзін-өзі қамтушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылды. Соның ішінде «Театральный», «Колос», «AINAM», «Венера», «Шарм», «Азиза», «Аяжан» сауда үйлері, «Орал Арзан» дүкендері, «Мерей», «Ашық жол», «Бәйтерек» автобөлшектер базары, «Орал» дүкені  және «Мастер», «Жалын» құрылыс материалдар базарлары қамтылды. Түсіндіру жұмыстары барысында діни экстремизм мен террорризмнің қауіптілігі, деструктивті діни ағымдардан сақтану мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану және Орталықтың «24-46-46» сенім телефоны бойынша ақпараттар берілді.