Такси жүргізушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Такси жүргізушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2021 жылдың 2-3 маусым аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында такси жүргізушілеріне ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсінік жұмыстары аясында «Теміржол бекеті», «Базар»,  «Автобекет», «Балапан» аялдамалары қамтылды. Такси жүргізушілеріне діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, теріс діни ағымдардан сақтану мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану және Орталықтың «24-46-46» сенім телефоны бойынша ақпараттандырылып, діни сауалдар туындаған жағдайда теолог мамандардан ақпарат алуға болатындығы жөнінде айтылды.