Автобус жүргізушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Автобус жүргізушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2021 жылдың 26-28 мамыр аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік ұйымдарының жұмысшыларына ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсінік жұмыстары аясында «Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті», «Базар», «Набережная река Урал», «Мясокомбинат», «Жұлдыз» шағын ауданы», «Балауса» шағын ауданы, «Диспетчерская» аялдамалары қамтылды. Автобус жүргізушілері діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, интернет желісіндегі деструктивті діни ағымдардың жастарға тигізетін кері әсері, теріс діни ағымдардан сақтану мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және Орталықтың «24-46-46» сенім телефоны бойынша ақпараттандырылды.