«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 27 сәуір күні Zoom қосымшасы арқылы «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбында шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау ережесіне сәйкес конкурс ағымдағы жылдың 5-16 сәуір аралығында өңірдің оқушы жастар арасында ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Конкурс жастар арасында радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына түспеуге, еліміздің дәстүрі мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, адамгершілікке,  ұлтжандылыққа, отаншылдық пен сыйластыққа тәрбиелеуге бағытталған.

22 сәуірде байқауға келіп түскен 182 жұмыс арнайы құрылған конкурстық комиссия мүшелерімен қаралып,нәтижесінде «Үздік сурет», «Үздік авторлық өлең», «Үздік монолог» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Үздік авторлық өлең» номинациясы бойыншаІ орынды Жаңақала ауданы, Айдархан ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Дидарқызы Дилназ, ІІ орынды Казталов ауданы, Бостандық ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Жақсыбаева Нұржайна, ІІІ орынды Орал қаласының №33 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Зайдолла Гүлназ, IV орынды Орал қаласының №25 ЖОББМ-нің 9 «а»сынып оқушысы Сейполлаев Арман иеленді. Сондай-ақ, аталмыш номинация бойынша белсенді қатысқандары үшін Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ-нің 10 «а» сынып оқушысы Умбетова Нұрзада, Қаратөбе ауданы, Соналы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Серікова Айкерім арнайы дипломмен марапатталды.

«Үздік монолог» номинациясы бойынша І орынды Жаңақала ауданы, Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Аманжанова Зухра, ІІ орынды Казталов ауданы, Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Жанузакова Асылзада, ІІІ орынды Казталов ауданы, Жаңатаң ЖББНМ-нің 9-сынып оқушысы Сейтқалиева Оразгүл, IV орынды Сырым ауданы, Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Жолдықайыр Маккаиеленді.

«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша І орынға Тасқала ауданы, Амангелді НОМ-нің 9-сынып оқушылары Сериков Шыңғыс және Қален Арлан, ІІ орынға Жәнібек ауданы, Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Манарбек Арсен, ІІІ орынға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 9 «в» сынып оқушысы Жұрмағанбетов Алияр, IV орынға Жаңақала ауданы, Айдархан ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Ізбасаров Елмұрат ие болды. Белсенді қатысқаны үшін дипломмен Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Туреев Рауан марапатталды.

«Үздік  сурет» номинациясы бойынша І орынды Ақжайық ауданы, Тайпақ гимназиясының 9-сынып оқушысы Саясат Динара, ІІ орынды Ақжайық ауданы, Балалар шығармашылық орталығы дизайн үйірмесінің қатысушысы Шанаев Камила, ІІІ орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 8 «а» сынып оқушысы Иманғазы Аруна, ІV орынды Казталов ауданы, А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Жұмабек Сабина иеленді. Аталмыш номинация бойынша белсенді қатысқандары үшін Жаңақала ауданы, Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Медхатов Инабат, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 9 «с» сынып оқушысы Құрақ Дана арнайы дипломдармен марапатталды.

Салтанатты  іс-шара барысында Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахметұлышығармашылық конкурстың жеңімпаздарын онлайн форматта құттықтап, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар жеңімпаздардың тұрғылықты мекен-жайларына жеткізілетін атап өтті.

Марапаттау рәсіміне әділқазы мүшелері Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшы орынбасары М.Кабдоллин және теолог А.Раманкулов, С.Ғұмаров атындағы Балалар көркем сурет мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Н.Тургалиева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының  Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы  Г.Тасқалиева, «ТДК42» телеарнасының тілшісі А.Сұлтанқатысты.