Басқарма басшысы облыстық мешіттің имамдарымен кездесті

Басқарма басшысы облыстық мешіттің имамдарымен кездесті

2021 жылдың 11 ақпанында Орал облыстық орталық мешітінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаевпен кездесіп, жергілікті уәкілетті орган мен діни бірлестік арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бағытында бірқатар мәселелерді талқылады.

Жүздесу барысында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігімен бірлесіп бекітілген жылдық іс-шаралар жоспары талқыланып, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді. Бірлескен жоспарда зайырлық қағидаттарын нығайту, рухани құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың идеологиясын қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізу, сондай-ақ имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту семинарларын ұйымдастыру көзделген.

Басқарма басшысы облыс имамдарының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмысы үшін алғыс білдіріп, заманауи талаптарға сәйкес халыққа қолжетімді электрондық садақа беру жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін айтты.