Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы 2020 жылы жүзеге асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауға үкіметтік емес ұйымдардан сарапшылар қатысып, бағалау жүргізді.
Сарапшылар бағалаудың бес өлшемшарттары бойынша бағалады:
1.Өзектілігі;
2. Жоспардың орындалуы;
3. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі;
4. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы;
5. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстыңнәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігіне жолданды.