Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ дін саласының қызметкерлері марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ дін саласының қызметкерлері марапатталды

Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн.

Атаулы мерекеге орай, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда елеулі үлес қосып жүрген мамандар Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахметұлы, «Ақниет» қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы І.Мақсотов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары Н.Данаева және А.Асқарова, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің емдеу ісі бойынша бөлім меңгерушісі Н.Теміралиева Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бас маманы Н.Сейтакова және Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Тұрарбеков басқарма басшысының алғыс хатына ие болды.