
2026 жылдың 8–11 қыркүйек аралығында жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының студенттерімен бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.
Кездесулер «Жастарға кеңес» жобасы аясында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде, Жоғарғы аграрлық-техникалық колледжінде және Ж. Досмұхамедов атындағы колледжде ұйымдастырылды. Іс-шараларға М. Кабдоллин, А. Бабаханов және Ж. Сафиуллин қатысты.
Кездесулер барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастар арасында деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таралатын діни сипаттағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу, радикалды идеологияның белгілерін ажырата білу және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге радикалды діни ағымдардың идеологиялық ықпалына түспеудің жолдары түсіндіріліп, зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау мен қоғамдағы өзара құрмет және толеранттылық құндылықтарының маңызы айтылды.
Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни идеологиялардың алдын алуға және қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.