Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

2026 жылғы 8 қыркүйекте Достық үйінде Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Ж. Сафиуллиннің қатысуымен медиаторлар және этнос өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қоғамдық тұрақтылық пен келісімді сақтау, конфессияаралық және этносаралық татулықты нығайту, сондай-ақ діни мәселелер бойынша қоғамда дұрыс әрі объективті ақпарат қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға дін мәселелерінде дұрыс ақпаратты тарату, діни сауаттылықты арттыру және қоғамда орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың өзектілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың діни мәселелерге қатысты ақпаратты дұрыс қабылдауына ықпал ету және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық татулықты нығайту бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.