Жаңа діни қозғалыстар тақырыбындағы ғылыми семинар өтті

Жаңа діни қозғалыстар тақырыбындағы ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары мен докторанттарына арналған «Жаңа діни қозғалыстар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды кафедра докторанттары — Арман Жұмағазиев (ғылыми кеңесшісі — Бегалинова К.К., философия ғылымдарының докторы, профессор) және Әлімжан Абдуллин (ғылыми кеңесшісі — Бишманов К.М., заң ғылымдарының кандидаты, доцент) жүргізді.

Аталған іс-шара кафедра жанындағы «Нұр» дінтану клубы аясында ұйымдастырылып, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Ә.Абдуллин Орталық Азиядағы жаңа діни қозғалыстардың қалыптасуына негіз болған тіркелмеген діни топтардың қызметі туралы тарихи материалдар ұсынылған слайдтарды көрсетті. Ал А.Жұмағазиев кеңестік кезеңіндегі евангелиялық христиан протестанттық бірлестіктерінің бөлінуінің тарихи мысалдарын келтіре отырып, жаңа діни қозғалыстардың қалыптасу үдерістері туралы баяндады.

Ғылыми семинарға қатысушылар мен қонақтар, олардың қатарында Алматы қаласының дін істері басқармасының мамандары, кафедра басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы болды. Олар баяндамашылардың теориялық дайындығын және материалды ұсынудағы өзіндік ерекшелігін жоғары бағалады. Жас зерттеушілер Абдуллин мен Жұмағазиевтің ғылыми жұмыстарының нәтижелері жуық арада ғылыми айналымға енгізіледі деп күтілуде.