Автобекеттер мен аялдамаларда ақпараттық-үлестірмелі материалдар таратылды

Автобекеттер мен аялдамаларда ақпараттық-үлестірмелі материалдар таратылды

2020 жылдың 26 – 28 қазан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының (әрі қарай – Орталық) бастамасымен деструктивті діни ағымдардан сақтандыру және ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған аялдамалар мен автобекеттерде ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Түсінік жұмыстары аясында «Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті», «Базар», «Набережная река Урал», «Мясокомбинат», «Жұлдыз шағын ауданы», «Балауса» аялдамалары және т.б. орындар қамтылды. Аталмыш шараға Орталықтың мамандарымен бірге, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Жастарға қызмет көрсету орталығы» мамандары қатысты. Автобус жүргізушілері діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, интернет желісіндегі деструктивті діни ағымдардың жастарға тигізетін кері әсері, теріс діни ағымдардан сақтану мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және Орталықтың «24-46-46» сенім телефоны бойынша ақпараттандырылды