
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен аудан және қала деңгейіндегі мамандарға арналған оқыту семинары өтті. Семинар «Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни идеологияны анықтау және алдын алу бағытында «Талдамалы интернет карта» жүйесінің мүмкіндіктері» тақырыбына арналды. Іс-шара Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Е.Р.Исанның алғы сөзімен ашылып, деструктивті діни ағымдардың алдын алуда заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар барысында интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін теріс діни үгіт-насихаттың ерекшеліктері талқыланып, «Талдамалы интернет карта» жүйесінің әлеуметтік желілердегі деструктивті контентті анықтау және алдын алу бағытындағы мүмкіндіктері таныстырылды. Практикалық бөлімде қатысушыларға «Instagram» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріне талдау жүргізу тәсілдері көрсетіліп, семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.