2020 жылдың 9-21 қазан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыстық спорт мектептерінде жаттықтырушылар мен спортшылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барсында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру жолдары мен сақтану әдістері, дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желісіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер баяндалды. Аталмыш шарада Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары А.Раманкулов, Н.Убаев және А.Тұрарбеков сөз сөйлеп, қатысушылар арасында жат ағымдар туралы жалпы түсінік қалыптастырды.