Дін саласы мамандарының 2025 жылға арналған қорытынды іс-шарасы өтті

Дін саласы мамандарының 2025 жылға арналған қорытынды іс-шарасы өтті

2025 жылдың 29 желтоқсан күні «Батыс Қазақстан облысы дін саласы мамандарының жыл қорытындысы – 2025» атты қорытынды іс-шара өтті.

Аталған шараға дін саласында қостарапты қызмет атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ дін саласының мамандары қатысты.

Шараның алғашқы бөлімінде қатысушылар арасында білім сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында қызықты әрі танымдық сұрақтар қамтылып, командалардың белсенділігі мен ұйымшылдығы байқалды. Нәтижесінде үздік деп танылған 3 команда марапаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шараның екінші бөлімінде жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, салада нәтижелі еңбек еткен мамандар Қазақстан Республикасы Дін істері комитетінің, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының, Дін мәселелерін зерттеу орталығының, сондай-ақ Облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталған марапаттар мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға болып, алдағы жылға жаңа серпін берді.