Дін істері басқармасында жыл қорытындысына арналған жиын өтті

Дін істері басқармасында жыл қорытындысына арналған жиын өтті

2025 жылдың 26 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған жиын өтті. Іс-шараға дін саласы мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында дін саласындағы өзекті мәселелер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған ұсыныстар мен жұмыс жоспарлары айтылды.

Аталған жиын дін саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және жүйелі жұмысты жетілдіруге бағытталды.