
2025 жылғы 13-14 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, дінтанушы Ернар Абзаловтың қатысуымен бірқатар кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Екі күндік сапар барысында «Алға қадам» жобасы аясында аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіліп, дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Алғашқы күні дінтанушы ақпараттық-түсіндіру қызметін жүргізудің негізгі бағыттарына, деструктивті діни ағымдардың белгілеріне және діни экстремизмнің алдын алу бойынша тиімді тәсілдерге тоқталып, АТТ мүшелерімен мазмұнды пікір алмасу өткізді.
Сонымен қатар, сапар аясында мақсатты топтар – мектеп оқушылары, колледж студенттері, белсенді жастар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, сондай-ақ түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар арасында да ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.
Өткізілген барлық іс-шаралар жоғары деңгейде жүзеге асырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.