Сауда орындары мен базарларда ақпарттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сауда орындары мен базарларда ақпарттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2020 жылдың 1-5 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бастамасымен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары халық көп шоғырланған сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтар, өзін-өзі қамтушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылды. Соның ішінде «Венера», «Колос», «Театральный» сауда үйлері, «Мирлан», «Бәйтерек», «Мерей» базарлары, «Орал Арзан» дүкендері және т.б. орындар қамтылды. Шара барысында тұрғындар діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, интернет желісіндегі деструктивті діни ағымдардың жастарға тигізетін кері әсері, теріс діни ағымдардан сақтану мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және Орталықтың «24-46-46» сенім телефоны  бойынша ақпараттандырылды.