Студенттер арасында дінтанушылармен онлайн кездесулер жүргізілуде

Студенттер арасында дінтанушылармен онлайн кездесулер жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен 2020 жылдың 14 қазанында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының І курс студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты – зайырлылық қағидаттарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

2020 жылдың 14-16  қазан күндері жоспарға сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің І курс студенттерімен онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Шараларға БҚО дін істері басқармасының бөлім басшысы А.Қаратай, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары Н.Убаев, А.Тұрарбеков, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың теолог маманы О.Амреев қатысты. Кездесуде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру жолдары, сақтану әдістері, дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы 2020 жылдың 6 қарашасына дейін жалғасын табады.