
Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 19-20 қазан күндері діни бірлестіктердің қатысуымен «Рухани келісім – Тәуелсіздіктің тірегі» атты мерекелік шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы конфессияаралық диалог пен рухани келісімді нығайту болып табылады.
Бағдарлама аясында діни бірлестік өкілдері Бөкей ордасы, Хан ордасы ауылына тарихи-танымдық экскурсия жасап, өңір тарихымен, ұлт руханиятының қалыптасуына зор үлес қосқан тұлғалар мұрасымен танысты.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысындағы діни бірлестіктер басшылары клубының көшпелі отырысы өткізілді. Кездесу барысында конфессияаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, өзара ынтымақтастықты арттыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар рухани келісім мен өзара құрмет қағидаттарын ұстанудың ел бірлігі мен тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті.