Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ 2025 жылғы 29 қыркүйек – 3 қазан аралығында «Алға қадам» жобасы аясында Ақжайық, Бәйтерек, Сырым, Жаңқала, Жәнібек аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің (әрі қарай – АТТ) кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған бес күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.
Мақсаты – діни ахуалды дұрыс бағалап, радикалды және деструктивті идеологияларға қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізуге үйрету. Сонымен қатар, дінтанушылар мен АТТ мүшелерінің жастармен, студенттермен, мектеп оқушыларымен және қоғам белсенділерімен тиімді қарым-қатынас орнату қабілетін арттыру. Бұл шара тек білім беру емес, практикалық машықты шыңдайтын тәжірибе алаңы ретінде өткізілді.
Жобаға жоғарыда атап өтілген әрбір ауданнан 2 өкілден, яғни аудандық АТТ-ның жалпы 10 өкілі қатысты. Семинар барысында ақпараттық түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы туралы, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері, деструктивті ағымдардың ерекшелігі, діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру тетіктерін топтық жұмыстарда қолдану тәсілдері, медиа және қарсы насихат жұмысының маңыздылығы тақырыптары төңірегінде маңызды мәселелер көтерілді.
Сондай-ақ, АТТ жұмыстары барысында жұмыстану үшін «Терроризмге, діни экстремизмге және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті (оның ішінде бас тарту мен қарсы іс-қимылды) қалыптастыруға ықпал ететін 17 «мақсатты топтарға» білімді, іскерлікті және құндылықтарды түсіндіруге бағытталған бірыңғай ақпараттық-түсіндірмелік баяндамалар» атты әдістемілік нұсқаулық берілді. Бұл әдістеме АТТ жұмыстарында маңызды рөл атқаратын 17 түрлі мақсатты топтар үшін әзірленген және олардың әрқайсысына діни радикализмнен бас тарту, оған қарсы тұру және сақтану жолдарын түсіндіруге бағытталған. Сонымен бірге, шарада қатысушылардың білімін бекіту және пысықтау мақсатында интерактивті Kahoot-викторина ұйымдастырылды.
Тәжірибе алмасу мақсатында теолог мамандармен бірге мектеп оқушылары, медицина қызметкерлері, спорт жаттықтырушылары, кітапхана қызметкерлері және Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Бес күндік оқыту семинары аяқталған соң қатысушыларға сертификат табыстылып, бұл жобаның әрі қарай жалғасын табатынын атап өтті. Яғни, 5 күндік оқыту семинары аяқталған соң АТТ мүшелері а.ж. қазан-қараша аралығында аудан деңгейінде кездесулер өткізуі қажет. Әрбір өткізілген аудандық кездесу үшін қаражат көзделген. Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында әрбір қатысушы өз ауданында 30 іс-шарадан өткізеді.