2025 жылғы 22 тамызда Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары А. Бабаханов және Т. Мұратов мәдениет саласы қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Шараның мақсаты – экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Кездесу барысында дінтанушы мамандар қазіргі қоғамда радикалды идеологиялардың таралу себептері мен белгілерін жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері және олардың әлеуметтік желілер арқылы ықпал ету тәсілдері талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, нақты мысалдар негізінде толыққанды жауаптар ұсынылды.