Батыс Қазақстан облысында шекара қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Батыс Қазақстан облысында шекара қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2025 жылдың 21-23 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарының қатысуымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаментінде шекара қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.

Іс-шаралар барысында деструктивті діни ағымдардың идеологиялық негіздері, олардың сыртқы және ішкі ерекшеліктері, сондай-ақ жеке тұлғаға, қоғамға және мемлекеттік қауіпсіздікке төндіретін ықтимал қатерлері қарастырылды.

Ерекше назар діни радикализм белгілерін дер кезінде анықтау және оның алдын алу тетіктеріне аударылды.

Аталған жұмыстар шекара қызметкерлерінің діни қауіптер жөніндегі хабардарлығын арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және радикалды идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған.