ҚР аумағында тыйым салынған «Ата жолы» оккультті-мистикалық діни қозғалысының мүшелері ұсталды

ҚР аумағында тыйым салынған «Ата жолы»  оккультті-мистикалық діни қозғалысының мүшелері ұсталды

Анонимді хабарламаның және транспортты полицияның көмегімен тыйым салынған «Ата жолы» окультті-мистикалық діни қозғалысының мүшелері ұсталды, ҚР ІІМ траспорттағы Полиция департаментің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Taunews.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Орал станциясындағы желілік полиция бөліміне, Орал станциясынан Орал-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызымен, тіркелмеген «Ата жолы» ұйымы мүшелерінің бара жатқандығы жөнінде анонимді хабарлама келіп түседі, - деп атап өтті департамент басшысы Онал Бекиев.  

Транспорттық полиция және Батыс Қазақстан облысының Полиция Департаменті және БҚО Дін істері басқармасы өкілдерінің қатысуымен, Орал қаласының 41,45,47 және 50 жастағы 4 тұрғыны ұсталды.

«Ұсталған азаматтарға ҚР КоАП 489 бабының 9 және 10 бөлімдеріне сәйкес (Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны үшін), әкімшілік хаттама толтырылып, 50 және 100 орта есептік айлық көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады Бекиев.   

Қазақстан аумағында «Ата жолы» ұйымының қызметіне ресми түрде 2008 жылдан бастап тыйым салынған.

Тыйым салынғандығына қарамастан, аталмыш бірлестік өз қызметін түрлі жолдармен жасырын түрде жүргізіп келеді. Барлық азаматтарды мұқият болуға және жалған діни ағымдардын қақпанына түсіп қалудан сақтануға шақырамыз, - деп жеткізді полиция полковнигі.