ТӨРТ БІРДЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

ТӨРТ БІРДЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

ТӨРТ БІРДЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында медициналық қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыру мәселесі басты назарда екенін айтып келеді.
Бұл бағытта атқарылып жатқан игі жұмыстар облыс орталығынан ең шалғай жатқан Бөкей Ордасында да іске асуда.
Атап айтсақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған төрт бірдей медициналық нысан: Сайқын ауылдық округіне қарасты Шоңай ауылында, Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен ауылында, Бисен ауылдық округіне қарасты Көктерек және Жетібай ауылдарында медициналық пункттер қолданысқа берілді.
Шоңай ауылдық медициналық пункті бойынша тұрғындар саны 231 адам. Құрылыс жұмыстарын «Жол» ЖШС жүргізді. Жоба құны 43 млн. 305 мың теңге. Нысанның жалпы ауданы 74,2 м2;
Әжен ауылы бойынша тұрғындар саны 152. Құрылыс жұмыстарын «Символ» ЖШС жүргізді. Жоба құны 40 млн.692 мың теңге. Нысанның жалпы ауданы 99,52 м2;
Көктерек ауылының тұрғындар саны 295. Құрылыс жұмыстарын «Беккалиев» жеке кәсіпкерлігі жүргізді. Жоба құны 45 млн. 410 мың теңге. Нысанның жалпы ауданы 74,2 м2;
Жетібай ауылының тұрғындар саны 284. Құрылыс жұмыстарын «Жол» ЖШС жүргізді. Жоба құны 41 млн.883 мың теңге. Нысанның жалпы ауданы 74,2 м2.
Күрделі жөндеуден соң медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов және медицина қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Медициналық пункттерде қызметкерлердің жұмыс жасауына және ауыл тұрғындары үшін көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.
Жыл аяғына дейін екі медициналық нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, тапсырылады деп жоспарлануда.
Өткен жылы 2 медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 1 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы салынған болатын.
Халық игілігі үшін тапсырылған барлық медициналық нысандар толыққанды жұмыс жасауда.