18-29 желтоқсан аралығында өтіп жатқан республикалық желілік кесте аясында БҚО Денсаулық сақтау саласы бойынша ақпарат

18-29 желтоқсан аралығында өтіп жатқан республикалық желілік кесте аясында БҚО Денсаулық сақтау саласы бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік медициналық ұйымдар саны 38 заңды нысанды құрайды.

Олардың ішінде стационарлар, диспансерлер, аудандық ауруханалар, ауданаралық оңалту орталығы, қалалық емханалар, өзге де ұйымдар бар.

Сондай-ақ құрамына заңды емес 1 ауылдық аурухана, 67 дәрігерлік амбулатория, 60 фельдшерлік-акушерлік пункт, 207 медициналық пункт кіреді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесіне аса мән беру қажеттігін атап көрсетті.

Бұл бағытта мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан облыстағы медицина саласына нақты қолдау көрсетіліп, Басқарма тарапынан бірқатар іс-шаралар қабылданды.

 

2023 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 92,8 млрд. теңге қарастырылған (оның ішінде 78,8 млрд.теңе ӘМСҚ арқылы, 14,0 млрд. теңгесі ДСБ арқылы).

 

Облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК)  және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде 57 медициналық қызмет көрсетуші ұйым бар оның ішінде 38 мемлекеттік және 19 жеке медициналық ұйым.

 

Медициналық ұйымдарды жарақтандыру үшін 2023 жылы 262 бірлік медициналық жабдық сатып алу жоспарланған («Салауатты ұлт» әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде - 1685,0 млн. теңге сомасына 75 бірлік, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен - 1440,2 млн. теңге сомасына 50 бірлік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін облыста - 1474,1 млн.теңге сомасына 134 бірлік, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 948,2 млн. теңге сомасына 3 бірлік) Қазіргі таңда 198 медициналық жабдық сатып алынды. Қалған медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 

Облыс аумағындағы медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 81 бірлік автокөлік сатып алу үшін 1 712,5 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні олардың 70-і ауруханаларға табыс етілді. Қалған автокөліктер жыл соңына дейін жеткізілетін болады.

 

Жалпы сомасы 1 млрд, 732 млн, 8 мың теңгеге 22 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 6 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жыл аяғына дейін аяқталып, қолданысқа берілетін болады. 16 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

 

Ағымдағы жылы Тасқала аудандық ауруханасының қаражаты есебінен Айнабұлақ ауылының жаңа медициналық пунктінің ғимараты сатып алынды.

 

Президент тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жж. облыс аумағында 50 медициналық нысанның құрылысы (с.і 12 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт және 17 медициналық пункт) жоспарланған болатын.

Биылғы жылға жоспарланған 12 нысанның 6-ауы қолданысқа берілді. Қазіргі таңда Теректі ауданының Барбастау ауылында, Бәйтерек ауданының Новенький ауылында, Сырым ауданының, Өлеңті ауылында, Жаңақала ауданының Қызылоба ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттері, Бәйтерек ауданының Асан ауылында және Теректі ауданының Сарыөмір ауылында дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимараттарында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмек көрсетілуде.

 Сонымен қатар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауданаралық ауруханалардың қосымша ғимараттары құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (Бөрлі АА, Казталов АА).

 

Емдеу және сәулелік терапияны жүргізу үшін Облыстық онкологиялық диспансер базасында виртуальды модельдеу функциясы бар компьютерлік томографтың желілік үдеткішін орнату бойынша мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасы жүзеге асырылды.

 

Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 12 жылжымалы медициналық кешеннің  жұмысы қамтамасыз етілді. 2023 жылдың есепті кезеңінде жылжымалы кешеннің көмегімен 45045 адам қамтылды, оның ішінде балалар-9514.

 

Бөрлі аудандық ауруханасы базасында ми қан айналымы жіті бұзылған шұғыл науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін 10 төсектік инсульт орталығы ашылды. Инсульт орталығы облыстың Ақсай, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

 

Жүргізілген жұмыстардың (скрининг, қатерлі ісік және қан айналымы жүйесі ауруларын ерте сатыда анықтау) нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады: нәресте өлімі 9,1% – ға төмендеді (көрсеткіш 1000 тірі туылғанға- 8,0 құрады (2022 ж.-8,8), жалпы өлім-жітім* 3,7% – ға төмендеді (көрсеткіші-1000 тұрғынға -7,6 құрады (2022 ж.-7,9), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім* 5,7%-ға төмендеді (көрсеткіш-100 мың тұрғынға – 188,4 құрады (2022ж.-199,7), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 2,9%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда -83,8 құрады (2022ж. -86,3), жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 0,6%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда -67,3 (2022 ж.-67,7), туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 7,3%-ға төмендеді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда -44,4 (2022 ж.-47,9), туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 33,3%-ға төмендеді (көрсеткіш – 100 мың тұрғынға шаққанда -1,4 құрады (2022 ж.-2,1). 

 

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 1760 дәрігер және 6676 орта медицина қызметкері жұмыс жасауда.

2023 жылдың 1 желтоқсанына облысқа 122 маман (оның ішінде дәрігерлер) жұмысқа орналастырылды, оның 50- і ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілді.

2023 жылы біржолғы өтемақымен 92 маман қамтамасыз етілді (оның ішінде -47 ауылда). 15 маманға қызметтік тұрғын үй бөлінді.

 

 

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы