Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелерге санитарлық автөкөліктердің кілтін табыс етті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелерге санитарлық автөкөліктердің кілтін табыс етті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелерге санитарлық автөкөліктердің кілтін табыс етті (барлығы 21).
Атап айтсақ, СОБОЛЬ АВТОКӨЛІГІ:
Ақжайық аудандық ауруханасына – 4 бірлік;
Тасқала аудандық ауруханасына – 3 бірлік;
Жәнібек аудандық ауруханасына – 4 бірлік;
№3 қалалық емхана – 2 бірлік;
№4 қалалық емхана – 1 бірлік;
Облыстық психикалық денсаулық орталығы – 1 бірлік
Қалалық көпбейінді аурухана – 1 бірлік.
ШЕВРОЛЕ КОБАЛЬТ автокөлігі:
№ 1 қалалық емхана – 2;
№ 2 қалалық емхана – 1;
№ 5 қалалық емхана – 2;
Салтанатты шараға БҚО ДСБ басшысы Ерлан Виленұлы Токсанов, денсаулық сақтау саласының ардагерлері Бақтығали Ахметұлы Ахметов және Рая Гұмарқызы Габдуалиева, медициналық мекеме директорлары және қызметкерлері қатысты.
Облыстағы медициналық мекемелердегі санитарлық автокөліктердің тозуы 78 пайызды құраған болатын (қажеттілік 154 бірлік).
Аталған проблеманы шешу және облыс тұрғындарына сапалы және уақытылы (шұғыл) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында 2023 жылы облыстық бюджеттен 81 бірлік санитарлық автокөлік сатып алу үшін 1 712 500,0 мың. тңг. қаражат бөлінген болатын. Олардың 54 бірлігі аудандық медициналық ұйымдарға берілетін болады.
Жыл аяғына дейін жоспарланған санитарлық автокөліктің барлығы да жеткізіліп, қолданысқа берілетін болады.