БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР АЯҒЫН ПОЕЗД БАСЫП КЕТКЕН АЗАМАТТЫҢ ӨМІРІН АМАН САҚТАП ҚАЛДЫ.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР АЯҒЫН ПОЕЗД БАСЫП КЕТКЕН АЗАМАТТЫҢ ӨМІРІН АМАН САҚТАП ҚАЛДЫ.

07.11.2023 күні сағат 15.45-те БҚО Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК «103» операторына Орал қаласы, Белая казарма аялдамасы ауданындағы темір жол бойында темір жол жарақаты болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен жедел жәрдем станциясының №8 бригадасы рельс жанында жатқан, аяғын поезд басып кеткен, жасы шамамен 30-дардағы жігітке клиникалық хаттама стандарттарына сәйкес ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетті. Құрамында бірінші фельдшер К.Жукалтаев, фельдшер Н.Джасулан қан тоқтату, ауырсынуды басу және гемодинамикасын қалыпқа келтіру шараларын көрсетіп, шұғыл түрде (жедел жәрдем жүргізушісі Н.Макауов) ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК-ге жеткізді.
Аурухананың қабылдау бөліміне жағдайы өте ауыр, көп қан жоғалтуына байланысты ес-түссіз күйде және III – IV дәрежеде травматикалық шок алған 33 жастағы «Б» есімді азаматқа травматолог, реаниматолог, нейрохирург, анестезиолог мамандардың қадағалауымен шұғыл ота жасалды.
Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қалыпты, ауыр. Реанимациядан палатаға шығарылды.
Дереу көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалған дәрігерлер мен мед қызметкерлерге алғысын айтуда.
Науқасқа жедел ота жасаған Облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөлімінің дәрігер-травматологы Қанат Утегенов (еңбек өтілі 20 жылдан жоғары) және дәрігер хирург-травматолог Ерғали Байқатов (еңбек өтілі 5 жыл).
Отаға қатысқандар: анестезиолог Айбек Туркпенов. реаниматолог Арман Дусалиев, анестезист Галина Астова және медбике Нұрай Ғазез.