ОБЛЫСТА ТӨРТІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

ОБЛЫСТА ТӨРТІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сай, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру аясында облысымызда төртінші медициналық нысанның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен ауыл тұрғындарын облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.

Салтанатты шараға БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Токсанов, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов,  2-Бәйтерек аудандық ауруханасының директоры Габитжан Ислямов, #4 Қалалық емхана директоры Берік Хасаинов, СКФ "ОТДЕЛСТРОЙ" ЖШС директоры Валентина Михно, шақырулы қонақтар және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа ғимарат Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, «СКФ ОТДЕЛСТРОЙ» ЖШС-мен жүзеге асырылды.

Құрылыс нысанына республикалық бюджеттен 342 164 988 тенге бөлінген болатын. Құрылыс аумағы 506,64 м2.   

Асан кентінің 2005 тұрғынын қамтитын дәрігерлік амбулатория орталықтандырылған су, автономды жылыту және газдандырылған.

Қажетті заманауи қондырғылармен жабдықталған дәрігерлік амбулаторияны іске қосу тұрғындар үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді (бейнебақылау камералары орнатылған, оргтехника, жиһаз және медициналық қондырғылар).

Мұнда амбулатория меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері, медбикелер, фельдшер, акушерлер, санитарлар мен техникалық қызметкерлер еңбек ететін болады.

Медициналық нысанның қызмет көрсету аумағында 1786 адам тіркелген, с.і. ересектер-971, жасөспірімдер – 73, балалар – 742.

Алдағы уақытта амбулатория қызметкерлерінің штат санын кеңейту жоспарлануда.